Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Өлімнен кейін ағзаларды беруден электронды түрде бас тартуға немесе келісуге болады

eGov порталында жаңа қызмет пайда болды.

Өлімнен кейін ағзаларды беруден электронды түрде бас тартуға немесе келісуге болады
Фото: kudago.com

Енді қазақстандықтар eGov порталындағы жаңа қызметті пайдалана алады, деп хабарлады paryz.kz.

Порталда қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейін дене мүшелерін донор ретінде беруге ресми түрде келісуге немесе одан бас тартуға өтініш бере алады.

Өтінішті электронды қызметтер топтарының "Денсаулық сақтау" бөлімінен таба аласыз:

  • рұқсат беруге тіркелу;
  • бас тартуға тіркелу

"Егер донор болуға қарсы болмасаңыз, нақты қандай ағзаңызды бергіңіз келетінін көрсетуіңіз керек", - делінген хабарламада.