Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Ішіне жын кірген" сарбаз желіні шулатты (ВИДЕО)

Діни қызметкердің тағы бір нұсқасы бар...

"Ішіне жын кірген" сарбаз желіні шулатты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

18 жастағы сарбаздың түсініксіз әрі қорқынышты әрекеті қазнетті шулатты деп хабарлайды Paryz.kz.

"Астана" телеарнасының мәлімдеуінше, сарбаздың әрекетіне психолог маман мен имам бағасын берген. 

Саят есімді сарбаздың әскерге шақырылғанына 1 айдай уақыт болған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде борышын өтеп жүрген.

Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, сарбаздың бойында жын бар.

Кейбір сиқырланған, жын кірген адам осындай жағдайда болады. Ол жынның әрекеті басында бақырып-шақырып, жанындағы адамдарды қорқытуға тырысады. Осы видеодан соны аңғарып отырмыз. Сондай шайтанның әсері бары көрініп тұр, - дейді Шейх Кунта Қажы мешітінің наиб имамы Данияр Ибрахимұлы.

Діни қызметкердің тағы бір нұсқасы бар. Оның ойынша, сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. 

Ал психолог жас сарбаздың психикалық ақауы болуы мүмкін деп отыр. Әскерге шақырғанда дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп есептейді ол.

Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер сондай өзгеріс болса сол жерде анықталады ғой, психиатрдың бақылауы керек еді. Бұл жұмыстың шалалығын білдіреді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да алып кетуге тырысады, - дейді психолог Владислав Смирнов.