Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Банктерің - рэкет! Соттарың - рэкет!": Айыппұл арқалаған журналист ашынып отыр

"Не заман боп кетті бұл?! Халықты қанау мен тонаудан басқа нәрсені білесіңдер ме өздерің?!"

"Банктерің - рэкет!  Соттарың - рэкет!": Айыппұл арқалаған журналист ашынып отыр
фото: дереккөз

"Жылдамдықты асырғаның үшін" деп, бір емес, екі айыппұл келіпті! 58 340 теңгеден! Офигеть!!! Адам нанға әрең ақша тауып жүргенде мынандай айыппұл жазып, оборзели что ли?

Бұл туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы Facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz

Айыппұл мөлшерін жазатындар, сендердің естерің сау ма??? Айыппұл дегенді де кішкене мимен ойланып, халықтың айлығы мен шайлығын ескеріп жазуға болады ғой!!! Обнаглели вашшшее!!!😡😡

Мынау деген халықты ашықтан ашық тонау ғой!!!! Өз халқыңды өздерің қанап, тонағаннан басқа не білесіңдер өздерің???

Оның үстіне, әр қадам сайын сергек бар деп, онсыз да жылдамдықты асырмаймыз. Жарайды, 2-10 шақырым, кейде спидометрге қарауды ұмытып, байқаусызда асырып қоятын шығармыз. Сонда сол үшін осылай тонау керек пе???

Мыналарың рэкетирство!!!

Банктерің - рэкет!

Соттарың - рэкет!

Сот орындаушыларың - рэкет!

Не заман боп кетті бұл??? Халықты қанау мен тонаудан басқа нәрсені білесіңдер ме өздерің??? - деп ашынды ол.