Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Оралда жоғары аграрлық-техникалық колледжі үздік болды

Оралда «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты фестивалі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Жетістіктер дефилесі» байқауы өтті.

Оралда жоғары аграрлық-техникалық колледжі үздік болды
Фото: Жұбан Мұрат

Ел  тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шара кәсіптік білім беру ұйымдарының тәжірибе бөлісуіне қолдау көрсету, кәсіптік білім саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту, басқару және педагогикалық шеберлік тұрғысынан ең үздік жұмыстарды анықтауды мақсат тұтты.

Байқауға қатысқан 16 білім беру ұйымы екі тур бойынша сынға түсті. Нәтижесінде Жоғары  аграрлық-техникалық колледжі үздік деп танылды. Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Орал «Сервис» технологиялар колледжі жүлдегерлер сапынан көрінді.

Шара барысында кәсіптік білім саласының ардагерлері Ж. Есқалиев, Б. Кәкімова, И. Кальченко, Н. Ғалиевалар байқаудың жоғары деңгейде өткенін айтып, колледж басшыларымен өзара пікір алмасты.

Жұбан МҰРАТ