Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Азық-түлік алып, қарызға батқан отбасы жиһазынан айырылып қала жаздады

Бірақ ақшасын көптен төлемеген.

Азық-түлік алып, қарызға батқан отбасы жиһазынан айырылып қала жаздады
фото: ашық дереккөз

Әбден қарызға батқан Түркістан облысының тұрғыны теледидары мен жиһаздарынан айырылып қалды деп хабарлайды Paryz.kz

Ордабасы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, қарызын төлеуді талап еткен танысы рұқсатсыз теледидары мен ас үйдегі жиһазды тартып алып кеткенін айтты.

Зиянның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңге екені анықталды.

Полиция дереу көрсетілген мекен жайға жетті. Учаскелік инспекторлар бірқатар қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары өзгенің мүлкін заңсыз иемденді деген күдіктіні анықтады, - деп хабарлады полициядағылар.

Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны дүкендегі адамнан азық-түлікті қарызға жаздырып алып жүрген, бірақ ақшасын көптен төлемеген. Сол себепті күдікті осындай заңсыз жолмен қарызды өндіріп алу туралы шешім қабылдаған.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы, "Озбырлық" бойынша бірыңғай тіркеу тізіліміне енгізді. Тергеу жүріп жатыр, - дейді Түркістан облыстық ПД.