Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елімізде жалақыны көтеру үшін халықтан қол жинау басталды

Соның нәтижесінде бір адамның ғана емес, оның отбасы мүшелерінің де қажеттіліктерін ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеудің заңнамалық тәртібін енгізуге болады.

Елімізде жалақыны көтеру үшін халықтан қол жинау басталды
фото: ашық дереккөз

Елімізде ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін көтеру бойынша петиция басталды деп хабарлайды Paryz.kzinbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұндай ұсынысты Қазақстан Халық партиясы мен Қазақстанның еңбек конфедерациясы жасаған.

Партия төрағасы Айқын Қоңыровтың айтуынша, күн сайын бағасы шарықтап бара жатқан тауарлар мен тұрақсыз инфляция кезінде біздегі айлық тым мардымсыз. Оны арттыру үшін еліміздегі еңбекақыны есептеу әдісін қайта қарау керек. Осы мақсатта Үкіметке Халықаралық еңбек ұйымының №131 конвенциясын ратификациялау ұсынылыпты. Соның нәтижесінде бір адамның ғана емес, оның отбасы мүшелерінің де қажеттіліктерін ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеудің заңнамалық тәртібін енгізуге болады.

Айта кетейік, қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге. Жаңа жылдан бастап оның көлемі 60 мың теңге болмақ.