Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Халықтың кредиті жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды

"Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,2 трлн теңгеге дейін 0,6 пайызға төмендеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2 трлн теңгеге дейін 14,6 пайызға ұлғайды", - деді Ерболат Досаев.

Халықтың кредиті жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды
Фото: equipnet.ru

Халықтың кредиттері жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін, 3,7 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Жыл басынан бері экономикаға берілетін кредиттер тамыздың соңында 14,2 трлн теңгеге дейін 2,4 пайызға ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттер 3,1 пайызға немесе 12,2 трлн теңгеге дейін өсті. Қысқа мерзімді кредиттер 2,2 пайызға немесе 2,0 трлн теңгеге дейін 44,2 млрд теңгеге азайды. Бизнестің кредиттік портфелі жыл басынан бері 7,3 трлн теңгеге дейін 1,2 пайызға ұлғайды. Бизнеске берілетін теңгедегі кредиттер бойынша ставка осы жылғы тамызда 11,9 пайыз, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,6, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша осы жылғы тамыздағы 13,4-тен 12,8 пайызға дейін төмендеді", - деді ҰБ төрағасы.

Оның дерегінше, халықтың кредиттері осы жылдың басынан бері 6,9 трлн теңгеге дейін, 3,7 пайызға ұлғайды.