Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақ әйелдерінің екі күйеуі болуы керек - психолог (ВИДЕО)

Әрбір әйел екі күйеуге тисін, сонымен қоса әрбір еркектің екі әйелі болсын деген заң қабылдануы керек дейді ол.

Қазақ әйелдерінің екі күйеуі болуы керек - психолог (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Психолог Серікгүл Сәли "Нартай ньюс" арнасына сұхбат беріп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Оның айтуынша, қазақ әйелдеріне бірден екі күйеуге тию мәселесі туралы заң қабылдау керек деп жазады Paryz.kz

Әрбір әйел екі күйеуге тисін, сонымен қоса әрбір еркектің екі әйелі болсын деген заң қабылдануы керек дейді ол.

Әйелді толық қамтамасыз ету керек. Қай жағынан болса да, кейбір еркектердің шамасы жетпей жатады. Сол кезде екі күйеуі болса, әйелге қолдау болады, - деп сөзін аяқтады.

Сондай-ақ психолог жүз жыл бұрын қазақ тілі, математика деген сабақтардан мүлдем сауатымыз болмағанын айтты. Сондықтан психологиялық білім керек екен. 

Осыдан жүз жыл бұрын қазақ тілі, матиематика деген сабақтардан мүлдем сауатымыз болған жоқ. Бірақ бізді мәжбүрлеп оқытты. 11 жыл біз сол пәндерді оқыдық. Дегенмен біз бәріміз сол пәндердің маманымыз деген сөз емес. Қазіргі қоғамда қабілетті болып өмір сүруіме қажетті нәрсе. 
Тура сол сияқты психологияда адамдардың арнайы білуі керек базалық білімдер бар.

Ерке пен әйелдің қарым-қатынасы, инстинг, аналық пайыз, аталық деген сияқты барлық базалық білім бар психологияда.

Сол білімді біз бермейінші халыққа, адамдардың арасында бәрін түсініп, бақытты ғұмыр кешпейміз.

Мысалы, мен үйрек болсам, барлығын үйрек сияқты өмір сүргенін қалаймын. Ал бүркіт болсам, мынау неге мен сияқты өмір сүрмейді деп қараймын.

Осы сияқты көзқарастардан құтылу үшін психологиялық білім керек, – деп жауап берді Сәли.