Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елордадағы белді компания қызметкерлері 316 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Елордадағы белді компания қызметкерлері 316 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: ria.ru

Елордалық кәсіпорынның қызметкерлері 316 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордалық акционерлік қоғамның бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға арналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттың жасалғаны анықталды.

"Аудиторлық тексеріс нәтижесінде аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бөлігінде бұзушылықтар табылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.