Бұл жазбаның Алатау ауданында түсірілгені айтылады.
Алматылық әйел қаладағы балалар алаңында қой баққан. Енді осы қылығы үшін жазаға тартылды деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желілерде балалардың ойын алаңында және абаттандырылған тротуарда жайылып жүрген қойлардың видеосы пайда болды. Бұл жазбаның Алатау ауданында түсірілгені айтылады.
Алматы қалалық Полиция департаменті малдың иесін Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді.