Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Оралда 4 адамды құтқарды

Полицейлердің жедел әрі нақты қимылының арқасында 4 адам өлімнен аман қалды.

Оралда 4 адамды құтқарды
Фото: Томирис Сұлтан

27 қыркүйек күні сағат 18.40 шамасында Оразабаев көшесіндегі өрт тұтанған. Оқиға орнына Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қазбек Қабесов пен Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі,  полиция аға лейтенанты Ислам Молдабеков барды.

Көшеде өрт болған үйдің тұрғындары полиция қызметкерлеріне үйде адамдардың, оның ішінде баланың бар екенін айтқан. Сол үйдің тұрғындары көміртегі тотығымен улануды болдырмас үшін балконға шығуды айтқан. Бірақ бала бар пәтердегі темір есік ішінен жабылып, ашылмаған.

Полицияның  бірі әріптесінің ТЖД қызметкерлерімен бірге есікті бұзғанын күтпей, 3 қабаттағы балкон арқылы  түсіп, баланы балконнан алып, өлімнен құтқарып қалды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өмір мен өлім арасында полиция қызметкерлері өз жанын шүберекке түйіп, өртке лауланып жатқан пәтерден тұрғындарды құтқарып қалды.

Томирис СҰЛТАН