Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Алматы қаласындағы №87 мектепте педагогтардың балалардың аты-жөнін атауды қойғаны туралы жазуда. Оның орнына әр балаға әріп пен сан берілген екен. Бұл - жалған деп хабарлайды Paryz.kz, Stopface.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.
Аталған фактілерді тексеру барысында №87 ЖББМ КММ оқушыларын әріп және нөмір бойынша атау туралы ақпарат расталған жоқ, – деп хабарлады Алматы Білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.
Демек, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.