Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қарағандыда ер адам несие алғанын "ұмытып", полицияға шағымданған

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама келген кезде бір-ақ білгенін айтты.

Қарағандыда ер адам несие алғанын "ұмытып", полицияға шағымданған
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында несие алғанын "ұмытып кеткен" ер адам полицияға арызданған деп хабарлайды Paryz.kz

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микроқаржы ұйымынан несие алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып, кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы несиені төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама келген кезде бір-ақ білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.