Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бір үйір жылқыны айдап бара жатқан ұры ұсталды

Қылмыскерді ұстауға полицейдің жергілікті малшылаврды түгел тануы себеп болған.

Бір үйір жылқыны айдап бара жатқан ұры ұсталды
Фото: bing.com

Қарағанды облысында ұрланған бір үйір жылқыны айдап бара жатқан ер адам даладан ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

7 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» және «Мал ұрлау» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Түнде сағат 22.00-де олар даладан бір үйір жылқыны (30 жылқы) байқаған. Күдіктенген полиция үйірді айдаған жылқышыны ұстады.

"Бастапқыда жылқышы бұл өзінің жылқысы екенін айтқан. Бірақ, полиция барлық жергілікті малшыларды жақсы білетін болғандықтан, оның айласы іске аспады. Ұсталған азамат 58 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ол бұрын ішкі істер органдарында есепте тұрған", - деп атап өтті Қарағанды облысының ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Анықталғандай, осыдан 40 минут бұрын ер адам шопан қыстағының жанында жайылып жүрген 30 жылқыны ұрлап кеткен. Жәбірленуші – 47 жастағы ауыл тұрғыны.

ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.