Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шардара халқы ауызсусыз шырылдап отыр, ал Шөкеев блогерлермен әуре (ВИДЕО)

"Туристерге қаймақ беріп, халқына құрттаған су беретін сорлы ел біз-ақ шығармыз!" - деп жазды ол. 

Шардара халқы ауызсусыз шырылдап отыр, ал Шөкеев блогерлермен әуре (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Шардара ауданы тұрғындары сасық су ішіп, шырылдап отыр, ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қыруар қаражатқа әншілер мен блогерлерді шақырып, блогтур ұйымдастырып жатыр деп жазады Paryz.kz

Бұл сөзімізді белгілі заңгер Айгүл Орынбектің мына жазбасы да қуаттай түскендей. 

Шөкеевті блогер әншілерімен қоса Түркістан облыс аудандарына блоктурға шақырамын!

Түркістан облыс аудандарында шешімін күтіп тұрған мәселелер көп. Шардара ауданындағы ауыз су мәселесін тіпті Президент алдында өзім көтергем.

Нәтижесі мына видеода көріп отырғандарыңыздай өзгеріс жоқ!

Есесіне облыс әкімі Шөкеевтің Түркістанда блогер қонақтарды күтуден қолы босамай жатыр!

Бір қаламыз жаңарып, он төрт ауданымыз шіріп жата береді ме осылай?!

Құбыры бар газы жоқ, ақшасы бөлінген бірақ жолы жоқ ауылдарды көріп келдім.

Түркістанға келіп, тамсанып әкімдерді аямай мақтап кеткен блогерлер мен әншілер Шардара халқы ішіп отырған суды ішуге шақырамын!

Туристерге қаймақ беріп, халқына құрттаған су беретін сорлы ел біз ақ шығармыз! - деп жазды ол.