Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Вакцина алған 482 адам коронавирустан қайтыс болды - Цой

Алайда ол көз жұмғандардың дені вакцина алмағандар екенін атап өтті.

Вакцина алған 482 адам коронавирустан қайтыс болды - Цой
фото: ашық дереккөз

Биыл 1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам індеттен қайтыс болған. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Бірінші ақпаннан тамыздың соңына дейінгі жағдай бойынша вакцина алған 482 адам қайтыс болды. Бұл коронавирустан көз жұмғандар санының шамамен 5 пайызын құрайды, - деді Цой.

Алайда ол көз жұмғандардың дені вакцина алмағандар екенін атап өтті.