Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысындағы кәсіпорында бірнеше адамды жұмыс істеуге мәжбүрлеген

Адамдар онстантиновка ауылындағы кәсіпорын аумағына жеткізілді.

Ақмола облысындағы кәсіпорында бірнеше адамды жұмыс істеуге мәжбүрлеген
фото: ашық дереккөз

Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын Константиновка ауылында бірнеше адамды заңсыз ұстап, кәсіпорында жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні туралы жедел ақпарат келіп түсті деп хабарлайды Paryz.kz, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу-жедел тобы осы жылдың 9-14 қыркүйегі аралығында қылмыскердің екі серіктесімен бірге Нұр-Сұлтанда табыс іздеп жүрген адамдарға жеке жалдау бойынша жұмыс ұсынғанын анықтады. Адамдар онстантиновка ауылындағы кәсіпорын аумағына жеткізілді.

Тексеру барысында ЖШС аумағында 20-дан астам жұмысшы болғаны анықталды, олардың үшеуі – 39-дан 53 жасқа дейінгі ер адамдар, Қостанай, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары – 14 қыркүйектен бастап ЖШС аумағында заңсыз ұстап қалу фактісі бойынша шаралар қабылдау туралы полицияға арызданған. Қылмыс қорқыту және күш қолдану арқылы жасалғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы, 2-бөлігі "Адам саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде.