Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Жеделсаты да өзекті мәселе

Орал қаласында 1200-ден астам көпқабаттытұрғын үй бар. Бес қабаттан биік үйлердің көбіне жеделсаты орнатылған. Қазіргі таңда 500-ге жуықжеделсаты жұмыс істеп тұр. Оның 70 пайызының тозығып жеткен.

Жеделсаты да өзекті мәселе
Фото: Жұбан МҰРАТ

Жеделсатысы істен шығуына байланыстызардап шегіп отарғандардың бірі - Гагарин көшесі2/8 мекенжайындағы көпқабатты үйдіңтұрғындары. Олардың айтуынша, лифттері осыдан бес ай бұрын сынып қалған. Яғни көктемнен бері жоғарғы қабатта тұратын қариялар мен кішкентай балалары бар аналар қиындық көруде. 

Айта кетейік, бұл үй 2006 жылы пайданалуғаберілген. Содан бері алаңсыз өмір сүрген тұрғындар жеделсатыға орай қиындыққа тап болғандарын жеткізді. Жоғарғы қабатта тұратынқариялар бұрынғыдай қалаған уақытында сыртқашығып, серуендеуді қойған. Себебі түсу жеңілдеу болғанымен, қайта көтерілу оңай емес. Жоғары қабатта тұратын, дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қиналып отыр. 

Құзырлы құрылым өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш мекенжайының тұрғындары жеделсатын жөндеу үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаға қатысулары керек. Ол үшін тұрғындардың көбі үйді жаңғыртудан өткізуге келісім берулері шарт. Не болмаса өздері ақша жинайнап, жеделсатыны жөндетеді.

Жұбан МҰРАТ