Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Оралда елімізде баламасы жоқ автожуу кешені ашылды

«Crystal» автокөлік жуу кешені германдық  автомобиль жүйелері мен теміржол көлігін әлемдік жетекші өндірушілердің бірі Отто Christ AG концерні құралдарымен жабдықталған.     Көлік жуу орталығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» БҚО филиалы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылған.

Оралда елімізде  баламасы жоқ автожуу кешені ашылды
Фото: Томирис СҰЛТАН

«Магнум-2015» кәсіпорын желісінің жетекшісі Артемий Филипповтің айтуынша, бұл елімізде алғаш рет ашылып отырған автоматты көлік жуу орталығы. Кешенде келушілерге жоғары деңгейде қызметтерді ұсыну үшін кері осмос әдісімен суды жылыту және тазарту жүйесін қамтитын су дайындау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар алдағы уақытта ағынды суларды қайта тазарту жүйесі орнатылмақ. 

– Жалпы Қазақстанда автоматтандырылған көлік жуу кешені жоқ. Автоматты жүйе іске қосылғандықтан, бір көлікті жууға шамамен 9 минут жеткілікті. Мұнымен қоса өте сапалы жуады. Барлық процесс неміс компаниясының жабдығымен жасақталған, – деді Артемий Филиппов. 

Автокешеннің жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды. Мұнда автокөліктердің барлық түрлері мен арнайы техникаларға қызмет көрсете алады.  Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсетуге де жағдай жасалған. Кешенде жүргiзушiлерге арналған қосалқы бөлшектер дүкені мен дөңгелек жөндеу орталығы да бар.

Жоба бойынша мұнда 50 адам қызмет көрсетуі тиіс. Көлік жуу орталығынан бөлек сату залы да бар, яғни тамақ ішетін қоғамдық тамақтану орны да ұйымдастырылады.

 

Томирис СҰЛТАН