Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда полицейлер "дипломатты" ұстады

Дәл осы баппен жыл сайын көп тұрғын жазаланады, алайда заң бұзушылар көбейіп барады.

Алматыда полицейлер "дипломатты" ұстады
фото: дереккөз

Алматыдағы Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Искаков Facebook парақшасында көлік "Борышкер" іс-шарасы жүріп жатқанда Абылай хан көшесінде көзге түскенін жазды деп хабарлайды Paryz.kzkolesa.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру барысында полицейлер жүргізушінің Мәскеудегі біздің елшілікке еш қатысы жоғын және көлік нөмірі жалған екенін, оның Ресейде тіркелгенін анықтаған.

Нөмір тәркіленіп, BMW айыптұраққа жіберілді. Тәртіп сақшылары жүргізушінің атына Әкімшілік кодекстің 590-бабы, 3 және 4-бөлігі бойынша хаттама толтырды.

Жалған мемлекеттік нөмір үшін 15 АЕК айыппұл салынады, ал ондай көлікті басқарған адам қосымша 20 АЕК төлеп, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Дәл осы баппен жыл сайын көп тұрғын жазаланады, алайда заң бұзушылар көбейіп барады. Қазақстанда ресейлік көлікке тиесілі нөмірдің көшірмесі мен UN-нөмір таққан көлікті кездестіру қиын емес.

153 D 425 77 нөміріндегі ұқсас F10 расымен Мәскеуде жүрген, бірақ ол 2017 жылы болды.