Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Зайытов Қосановты қолдауға шақырғанына өкініп жазба жариялады

Ақынның оқырмандары айтыскер жазған өлеңіне қолдау көрсетіп жатыр.

Зайытов Қосановты қолдауға шақырғанына өкініп жазба жариялады
Фото: mail.kz

Танымал айтыскер ақын, қоғам белсендісі Ринат Зайытов Instagram-дағы парақшасында мұңды жазба жариялады.

Мұнда ол өткен жылы маусым айында өткен Президент сайлауында халықты Әміржан Қосановқа дауыс беруге шақырып жаманатты болып қалғанда, жұрт тарапынан жазылған негативті пікірлердің скринын жүктеген. Скрин астына ол ішкі жан дүниесі кешіп жатқан күйді бейнелейтін өлең жазған.

"Әрбір адам ертеңіне алаңдар

Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар

Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз

Мен сендерді түсінемін АДАМДАР

Жүрегіме сыймай қалған жамандар

Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар

Бауырыңа баспасаң да бағалап,

Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР

Таптатпауға тырысумен табанға

АР Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар

Илеп, илеп итке тастай салсаң да,

Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР."

Әлеуметтік желі оқырмандары айтыскердің бұл жазбасына қатысты өз ойларын білдіріп, барлығы дерлік Ринат Зайытовты қолдайтындарын айтып, оған жанашырлық танытты. Көңілшек оқырмандар көзіне жас алғанын айтып, эмоцияларымен бөлісті.