Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Біздің елде жүйеге өзгеріс енгізу үшін көп адам өлуі керек! - заңгер

Ауыл-аймақта бұндай ресми алаяқтармен күресуден шаршап, үндемей асылып өліп кетіп жатқандар қаншама?!

Біздің елде жүйеге өзгеріс енгізу үшін көп адам өлуі керек! - заңгер
фото: ашық дереккөз

Біздегі кейбір сот орындаушыларды бопсалаушы, делдал, яғни ресми тіркелген мемлекеттік алаяқтар деп атау керек! Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Сот орындаушылар жайлы 2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте мониторинг мүшесі болып жүргенде көтергем.

Сот орындаушылардың міндетін прокуратураға беру керек екенін айтқанмын! Халықтың, оның ішінде ақшалы кәсіпкерлердің есеп шотын 13 теңге үшін жауып, шотты ашу үшін 20 мың теңге сұрап қинайтындарына куә болғам!

Шымкент қаласында қаншама әйелдер әлимент өндіре алмай жылап жүргенде прокуратурамен бірлесіп, біраз аналардың мәселесін шешкенбіз. Сол аналар қазір мені оқып та отырған шығар, сот орындаушылардан көрген қорлықтарын естіп, сол кезде жағамды ұстағам, - дейді ол facebook-парақшасында. 

Сондай-ақ заңгер сот орындаушылар тек қомақты қаржының исі шыққанда ғана, өздеріне пайызын көбірек берем десең ғана жүгіретінін айтады. Тіпті СЭС, банк, жеке коммуналдық төлем алатын компаниялармен сыбайласып, төлем жүргізбей қойған адамдардың есеп шотын бұғаттап, ақша берсең ғана ашып беріп отыратынын анықтаған. 

Біздің елде жүйеге өзгеріс енгізу үшін көп адам өлуі керек!

Ауыл-аймақта бұндай ресми алаяқтармен күресуден шаршап, үндемей асылып өліп кетіп жатқандар қаншама?!
Бес адамның өлімі өзгеріс жасауға жеткілікті шығар, ия, ау, естуші үкімет?

Әлде тағы біраз адамның қаны керек пе? - деп жазады Айгүл Орынбек.