Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Министрлік жоғарғы оқу орындарымен соттасып жатыр

Министрлік жоғарғы оқу орындарымен соттасып жатыр
Фото: 24.kz

Білім және ғылым министрлігі үш жоғары оқу орнымен соттасып жатыр. Бұл Астана Университеті, Орталық Азия Университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті.

Тескеріс барысында бұл оқу орындарының қызметі талаптарға сай екені анықталған. Сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бірнеше мекемеден пайдаланылмаған лицензияларды қайтарды. Бұл туралы онлайн брифингте Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті хабарлады.

Рахман Алшановның айтуынша, кейбір оқу орындары 45 лицензия алып, 2-3 студент ғана оқытқан. Олардың лицензиясы қайтарылды. Жалпы білім сапасын арттыру үшін мамандар университеттерді бірнеше категорияға бөліп, қаржыландыруды арттыруға шақырады. Ал жабылған мекемелердің студенттері еліміздің өзге оқу орындарына ауыстырылады.

"Астана Университеті, Орталық Азия Университеті және Ақтау гуманитарлық-техникалық университеттерімен Білім және ғылым министрлігі  соттасып жатыр. Тағы 12 университеттің істері қаралып жатыр. Тоқтатып, сотқа беру дегендей.  Университеттерді жабу оңай емес. Ішінде адамдар бар дегендей. Өздерінің аргументтері бар, талаптар қойып жатқандар бар" – дейді ол.