Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жамбыл облысындағы жарылысты жариялаған журналисті қуғындап жатыр (ВИДЕО)

"Бұл тапсырыс әкімдіктің өзінен немесе прокуратура мен КНБ дан келуі бек мүмкін деген де нұсқа айтылды әріптестер арасында..."

Жамбыл облысындағы жарылысты жариялаған журналисті қуғындап жатыр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Бүгін бір қора журналист ДВД мен прокуратураға бардық. ДВД құдайға қараған екен, барған мәселемізді барынша түсіндіруге тырысты. Прокуратураң пысқырмады. Аға көмекшімін деген әдемі қыз шығып, "келесі аптаның сейсенбісінде келіңдер, қабылдаймыз немесе әне тұрған қорапқа шағымдарыңды тастаңдар, болды" деп бұрылып кетті. Бұл туралы журналист Жасұлан Әбдіхалық facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.  

Енді бұл жақта нағып жүрміз..?

Байзақтағы жантүршігерлік жарылыстан кейін бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде, "БАҚ пайдалану арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырған жалған ақпаратты тарату" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен. Осы атауы жаңылтпаш баб бойынша облыстың екі журналисін ДВД ға шақырып, біреуінің ұялы телефонын тәркілеп алыпты. 4 сағаттан астам ұстаған. Соткасы тәркіленген 7 ші арнаның "Айбат" жаңалықтар қызметінің тілшісі Данияр Әлімқұл.

Даняр Әлімқұлды куәгер әлде күдікті ретінде шақырғаны түсініксіз! Жігіттер, "ешкімге ештеңе айтпаймыз" деп қолхат бергендіктен әріптестердің әңгімесі мен генералмен кездесуден тартып жұлып ұққанымыз бәленің бәрі Байзақтағы бір депутаттың үйінде үйіліп жатқан снарядтардан басталса керек..? - деді ол.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы жарылысты жария еткен кейбір БАҚ өкілдері жазалануы мүмкін

Сондай-ақ журналист сол снарядтарды тапқан және алғаш эфирге таратқан "Айбат" жаңалықтар қызметі екенін айтты.

Материал даярлаған Дони. Бұдан бөлек те жарылыс туралы жан-жақты ақпарат таратты.

Ал енді біреудің қорасында айнала бала-шағаға қауіп төндіріп жатқан пәленбай тонна металломды эфирге шығардың, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып жалған ақпар тараттың, жұртты дүрліктірдің деп айыптаса, қолындағы соткасын тәркілеп алса біздің құзырлы органдар біткен екен. Шырақтарым ау, қайта дер кезінде дабыл қағып елді сақтандырып, құзырлы органдарды құлақтандырып ақпарат таратқаны үшін сотка сыйлайтын жөндерің ғой. Ақпарат таратушылармен алысқанша алапат апаттың себебін анықтап, кінәлілерді жазалайтын уақыттарың болды емес пе?

Тағы бір бейресми нұсқа, облыстағы олқылықтарды жазып қайта-қайта мазаларын алған меншікті тілшілерді бір тұқыртып, қорқытып алайын деген тапсырыс болуы да мүмкін. Бұл тапсырыс әкімдіктің өзінен немесе прокуратура мен КНБ дан келуі бек мүмкін деген де нұсқа айтылды әріптестер арасында. Әйтпесе республикалық каналдың тілшілеріне ДВД ның шүйлігуіне онша иланбай отырмыз. Олай дейтініміз бұл ақпарат Даниярдың жеке акаунтынан таратылған жоқ. 7 арнаның ресми акаунттарынан жарияланды. Шығарушы редактордан бастап- бас редакторға дейін сүзгіден өтті. Демек, ДВД алдымен каналды тергеуге шақыруы керек!

Жалпы қазір Жамбылда пиар жасауға, сенсация жасауға Сапарбаев пен Жылқыбаев қана құқылы. Оның өзінде тек жақсы жағын жазуың керек. Облыстың олқылығын айтып, сын жазсаң жаусың, іріткі салушысың, көзге шыққан сүйелсің! Осылай көзқарас қалыптасқан, қалыптастырған. Әйтпесе, бұл әңгіме маған екі күннен кейін жетті. Әкімдігің де, ішкі саясатың да, прессегің де, кнб кураторына дейін курста! Өткендегі әкімдікке кіреалмай резонанс тудырған Ақбөпенің айқайын бәрі біледі.

"Ойпырмай тағы шу боп кетпесін, тілшінің телефонын қайтарыңдар, тоқтатыңдар мына бассыздықты" дейтін бір бас болмады. Олай дейтін бастың бірі Бейқұт Жамангөзов еді. Оның өзі білім басқармасына қашан барам, ішкі саясаттан қашан кетем деп басы қатып жүр. Сөйлейтіннің бірі Сүлей еді, оны да аппарат басшысы сөйлеткізбей тастады. "Сапарбаевқа тағы сөз келетін болды, әкімді босқа ашуландырмайық" дейтін айналасынан бір жанашыр шықпады ау. Өңшең...

Общым бұл мәселе басты назарда болады.

Жамбылдағы журналистер одағы да "әу" дейтін шығар, дей алса..?

Одақ деген осындайда керек шығар, әлде мүшелікке кіргізіп-шығару үшін қажет пе? - деп жазды пост авторы. 

 

Ескерту: автордың сөз саптасы, орфографиясы мен пунктуациясы сақталған.