Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

COVID-19: Соңғы тәулікте 64 науқас қайтыс болды

Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

COVID-19: Соңғы тәулікте 64 науқас қайтыс болды
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Оған сәйкес 14 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 58 адам коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 12 науқас. Алматы қаласында - 10, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Ақмола облысында - 6, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарында - 3, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында - 1 адамнан көз жұмған. Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған.

Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.