Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматы әкімдігі 40 шетелдік блогерді шақырып, 26 миллион теңге жұмсамақ

Іс-шара барысында блогерлер күніне үш рет тамақтанып, Алматыдағы төрт, бес жұлдызды бір бөлмеде тұрады.

Алматы әкімдігі 40 шетелдік блогерді шақырып, 26 миллион теңге жұмсамақ
фото: pexels.com

Алматының туристік ақпараттық орталығы қалаға 40 шетелдік блогерді шақырып, оларды қамтамасыз етуге: қаладағы тұратын жер, жол шығындарына 26 миллион теңге жұмсамақ деп хабарлайды Liter.kz басылымына сілтеме беріп Stan.kz.

Іс-шараны ұйымдастыру туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылды. Блог туры екі бес күндік сапарға жоспарланған. Тур 2021 жылдың үшінші және төртінші тоқсанында болады делінген. Әрбір турға Ресей, Грузия, Армения, Беларусь, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан 20 адам қатысады. Оларға Қазақстанға келуге және қайтуға ұшақ билеттерін алуға, виза ресімдеуге көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі 26 млн теңгеге шетелдік блогерлерді шақырып отыр

Бағдарламаға Алматыны шолу экскурсиясы, қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайына, Алматы мұражайына және "Ғұндар" немесе "Номад" этно-ауылдарына бару кіреді. Сондай-ақ, қонақтар 28 Панфиловшылар саябағын, "Көк Төбе", "Көк базар" және "Сұңқар" тәлімбағын көреді. Сонымен бірге, бағдарламада "Ой-Қарағай Лесная сказка" курортына, Arba Wine жүзімдіктеріне, Шарын шатқалына, Медеу, Шымбұлақ және Көлсайға барады деп жоспарланған.

Сондай-ақ баспасөз турына қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класстан өтіп, ұлттық костюмдерде фотоға түседі.

Іс-шара барысында блогерлер күніне үш рет тамақтанып, Алматыдағы төрт, бес жұлдызды бір бөлмеде тұрады.

Саяхаттау мен туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан соңғы орындардың біріне жайғасқан еді. Алайда бұл үкімет пен компанияларды осы салаға инвестиция жасаудан бас тартып жатқан жоқ. 

Айта кетейік, әкімдік аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, неліктен осы елдер таңдалғанына жауап берген еді. 

Бұл елдер саяхаттау үшін жаңа орындар іздейтін төлемге қабілетті аудитория болғандықтан, екіншіден, Алматыға тікелей рейстер болғандықтан таңдалды. Блог-тур бағдарламасы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ашатын танымал табиғи және қалалық көрікті жерлерді қамтиды, – деді әкімдікте.