Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады": Желідегі ақпарат жұртты елеңдетіп қойды

Облыстық ДСБ бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

"Екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады": Желідегі ақпарат жұртты елеңдетіп қойды
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының зейнеткерлері екпеден бас тартса, зейнетақыдан қағылады. Желіде осындай хабарлама тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар екпеден бас тартуды зейнетақыдан айырумен байланыстыруға болмайтынын айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Екпе ерікті түрде жүргізіледі, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Басқармадағылар вакцина алуға мәжбүрлеу фактілерімен бетпе-бет келген азаматтарды мына нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 705 447 52 52.