Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

Ақтөбеде ана өлімі 13 есе артқан
Фото: zakon.kz

Ақтөбеде биыл 8 айда 13 ана өлімі тіркелді, – деп хабарлайды paryz.kz.

"8 ай қорытындысы бойынша бізде 13 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9 жағдай коронавирус инфекциясына байланысты болды. Коронавирус беймәлім инфекция болған соң жағымсыз әсерін тигізіп отыр. Көбіне тұрғындар медициналық көмекке кеш жүгінген, өз-өзін емдеп, сақтық шарасын ескермеген", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында Президент: «Былтырғы 8 айда – 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда – 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек», - деді.