Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әкесінен зорлық көрген 12 жастағы қыз адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (ВИДЕО)

Наурызбай ауданының әкімдігі меценат табуға көмектесуге уәде берген.

Әкесінен зорлық көрген 12 жастағы қыз адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда әкесінен зорлық көрген 12 жастағы қыз бен оның жақындары тұрмыс тауқыметін тартып отыр. Әкесі түрмеге отырғаннан кейін анасы үш баламен қиын жағдайға тап болды деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Туыстары оларды тіркеуде тұрған пәтерден шығарып тастаған. Сотталған күйеуінің несиесі де мойына ілінген жалғыз баста ана қазір балаларына ішерге ас, киерге кім таппай қиналып жүр. Тұрып жатқан баспаналары да паналауға келетін жер емес.

Туған әкесі қызымызды зорлады. Ол кезде балам 12 жаста болатын. Бұл әрекетін үлкен қызым көріп, дереу маған хабарласты. Полиция шақырттым. Оны алып кетті. Ол мас болатын, - дейді әйел.

Күйеуін сот 15 жылға бас бостандығынан айырған. Зорлық көрген қызының психикасын қалпына келтіру, күйеуінен қалған несие, үш баланың ішіп-жері бәрі бір әйелдің мойнына артылды.

Күйеуім достарымен бірге іс бастау үшін несие алған. Артынан оның нашақор екенін білдім. Соңғы кезде жиі ішіп келетін болған. Мына тозып тұрған үйде балаларыммен тұруға қорқамын. От жағып, жұмысқа кеткен кезде жанымды қоярға жер таппай кетемін. Қазір үй иесі жер учаскесін сатуға қойыпты. Сатылып кетсе, далада қалатын түріміз бар, - дейді ол.

Қазір тұрып жатқан баспанада жарықтан басқа ештеңе жоқ. Суды көршілерден тасып ішеді. Үш күнде бір су тасып жуынады.

Үйдегі пештің өзі ішін жылытпайды.

"Svet" қоғамдық қорының директоры Кирилл Вшиковтың айтуынша, ол ашық түрде көмек сұрай алмайды.

Біз азық-түлікпен көмектесеміз, киім-кешек әпереміз. Бірақ оларға баспана керек. Мына үйде тұру мүмкін емес. Үйдің шынысы жоқ, іші суық. Меценат табылса, үй алып берейік деген ниетіміз бар, - дейді ол.

Наурызбай ауданының әкімдігі меценат табуға көмектесуге уәде берген.

Акт толтырып, тұрмыстық жағдайларын есепке аламыз. Ерекше бақылауға алу керек екендігін ескереміз. Оларға гуманитарлық, демеушілік көмек көрсетіліп отыратын болады, - дейді Наурызбай ауданы әкімдігінің әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Еркін Садықов.

Қазір әйел қайырымды жандардың көмегінен үмітті. Өйткені бір өзі бұл тығырықтан шыға алмасын түсінеді.