Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Быт-шытын шығарамын": Джуринская оқырманын сотқа бермекші

"Тумайтын қатын екенсің, тірлігің тырдай жалаңаш жүру, болды", – деп жазған екен әлгі жігіт.

"Быт-шытын шығарамын": Джуринская оқырманын сотқа бермекші
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманына қатты ашуланды. Осы орайда ол жеке басына тіл тигізген азаматты сотқа беретінін айтты деп жазады Paryz.kz.

Актрисы өзіне ауыр сөздер жазған оқырманын Instagram парақшасындағы Stories бөліміне шығарып, көпшілікке масқара қылды. 

"Тумайтын қатын екенсің, тірлігің тырдай жалаңаш жүру, болды", – деп жазған екен әлгі жігіт.

Бұған қатты ашуланған Джуринская оны сотқа беретінін мәлімдеді.

Сенің үстіңнен арыз жазамын, сен және сенің отбасың моральдық шығынды өтеймін деп өмір бойы аш өтесіңдер, – деп жазды актриса.

Дегенмен ол жағымсыз пікірге еті үйренгенін де жасырмады. Алайда шектен шыққан адамдарды орнына қойып, жазасыз қалдырмайтынын ескертті. 

Хейтке үйреніп қалғанмын. Қуанышқа орай, менің жақтастарым әлдеқайда көп. Бірақ ол дегеніңіз мен үндемейді деген сөз емес. Шектен шыққан кез келген адамның быт-шытын шығарамын, – деді Жәния.