Оның айтуынша, оның балалық шағы 90-жылдардың соңына тұспа-тұс келгендіктен, біраз қиындық көрген екен.
Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында Ел арасында "Шіман апа" образымен танымал болған актер Ерболат Төлеген өзінің балалық шағы, студент кезі мен қазіргі өмірі туралы сұқбат берді деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, оның балалық шағы 90-жылдардың соңына тұспа-тұс келгендіктен, біраз қиындық көрген екен. Ақтөбе облысы Шалқар ауылында туған ол, 8-сыныпқа дейін туған жерінде тұрған.
2000 жылы отбасым әкемнің денсаулығына байланысты Ақтөбе қаласына қоныс аударды. Міне, сол уақыттан бастап өздігімнен ақша тауып, ата-анама қолғабыс еттім. Ол уақытта 1999-2000 жылдары біздің ғана емес, бүкіл Қазақстан жұрты, тіпті ТМД елдері үшін қиын болды ғой. Алматыда Астанаға көшіп жатқан, үлкен астана салып жатқан кез. Тоқырау заманы болды. Әр адам баласына көтере алатын сынақ береді дейді. Алла дүниемен, ақшамен сынағанына шүкір. Қазір бір нанымыз екі нан болды. Иә, мен кезінде кондуктор болғам. Бірде туған әпкемнің құрбысы бір кісімен дауласып қалыпты. Екеуі теледидар көріп отырып, мені көріп, ана кісі "мынау кезінде кондуктор болған ғой", депті. Әпкемнің құрбысы айтады "жоқ кондуктор болмаған" деп. "Бұл бала бізде ГАЗельде кондуктор болған" деп қоймайды екен ана кісі. Сөйтіп екеуі бәстесіп қалыпты мың долларға. Артынша әпкемнен сұрапты. Әпкем "иә, кондуктор болған" депті. Сол сияқты, кондуктор болып, күніне 500 теңге табатынмын. Басқа балалар алты күн сабаққа барып, жексенбі күні жақсылап ұйықтайтын еді ғой. Мен таңғы төртте тұратынмын, - дейді ол.
"Шімән апаның" айтуынша, мектеп бітірген соң Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенті атанған екен.