Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Фигура от!": Қайрат Нұртастың әйелі ерлер қауымын естен тандырды (ВИДЕО)

4 баланың анасын, әсіресе, ерлер қауымы танымай қалды. 

"Фигура от!": Қайрат Нұртастың әйелі ерлер қауымын естен тандырды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше образдағы видеосымен бөлісіп, ерлер қауымын естен тандырды деп хабарлайды Paryz.kz

Ол instagram-парақшасында кезекті түсірілім сәтінен кадрлар жариялады. 4 баланың анасын, әсіресе, ерлер қауымы танымай қалды. 

Фанаттарының көбі Жұлдыздың сұлулана түскенін жазса, кейбірі мұндай қылықтың жараспайтынын айтып, сынап тастады. 

"Қап-қара болып қалыпсыз, қазақша биязы образ көбірек жарасады", "Жұлдыз ханым, сіз өте әдемісіз ғой, қатты боянған онша жараспайды. Ренжімеңіз, сізді қап-қара қылып қойған",  "Әдемісің, көз тимесін. Шетелдің Дженниферіне ұқсап тұрсың. Қазақтың Дженнифері", "Қайрекеңмен бірге тұрғанда тіптен күшті болар еді", "Жұлдыз расында өте сұлу әйелсің. Бірақ мына жүрісің болмайды. Сен мен деген Қайраттың әйелі емессің бе? Елдің алдында жүрген еркектің әйелінің бұлай жүргені тым ерсі. Артық жазсам айып етпе", "Фигура от", "Ғашық болып қалдым", "Клеопатра", - деп жазды оқырмандар. 

Сондай-ақ Жұлдыз екінші қызы Алаумен бірге жаңа жобаға қатысып жатқанын хабарлады. Музыкалық жобада хитмен Қайраттың қызы ән айтатын көрінеді.