Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қашанға дейін шыдаймын?": Ақбота Керімбекова жұртты ойландырып қойды

Әншіні бір мәселе қатты алаңдатып жүргенге ұқсайды. Ол алдағы уақытта қалың көпшілікке ақтарылып, бар шындықты айтуға ниетті.

"Қашанға дейін шыдаймын?": Ақбота Керімбекова жұртты ойландырып қойды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Ақбота Керімбекова желіде жанкүйерлеріне жан сырын ақтарып, ішінде жиналып қалған көп нәрсемен бөліскісі келіп жүргенін жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақбота Керімбекова Instagram желісінде әсерлі жазбамен бөлісіп, оқырмандарын ойландырып қойды. Әншіні бір мәселе қатты алаңдатып жүргенге ұқсайды. Ол алдағы уақытта қалың көпшілікке ақтарылып, бар шындықты айтуға ниетті.

Әр шындықтың астарындағы сұмдықтардан сескеніп, көбіне үндемейтініміз бар. Мүмкін оным дұрыс емес пе екен?! Қашанға дейін шыдай алар екем?. Ақтарылғым келіп жүр, - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жазбасынан кейін оны барынша қолдауға тырысты.

"Айналаң тұнған өтірікпен өрілген өмір, рас айтасың. Қай салада да әділетсіздік, қаптаған алаяқтар. Сұмдық", "Амал қанша өмір сүреміз де", "Бәрі жақсы болады. Қатты уайымдамаңыз", "Аллам сабыр берсін. Әркез сіздің қолдаушыңыз боламыз", "Дұрыс айтасыз. Бірақ, бұл өмір. Ыстығы да, суығы да болады", "Мойымаңыз. Бәрі де жақсы болады, - деп жазуда желідегілер.