Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Төсін үлкейтіп алған ба?..": Купальниктегі Кәмшат Жолдыбаева желіні жарды (ФОТО)

Желі қолданушыларының бір бөлігі оның дене сымбатына ғашық болып жатса, енді бірі оны ашық образы үшін аяусыз сынап тастаған.

"Төсін үлкейтіп алған ба?..": Купальниктегі Кәмшат Жолдыбаева желіні жарды (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева желіде купальнткпен түскен ашық фотоларын жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Оқырмандардың бірі оның мінсіз мүсініне тамсанса, енді бірі оның әрекетін тым ерсі санаған деп жазды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Кәмшат Жолдыбаева елде эпидемиологиялық жағдай ушығып жатқанда шетел аралауға кіріскенге ұқсайды. Жақында ғана сіңлісімен Түркияда демалған әнші енді Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып келген. Өнер иесі желіде белсенділік танытып, жанкүйерлерімен демалысы қалай өтіп жатқанын қуана бөлісуде.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында Дубайда түскен ерекше суреттерді жариялап, көпшіліктің қызу талқысына қалды. Күні кеше ғана әнші өзінің купальниктегі суретін ел назарына ұсынып, көптеген пікірге ие болды. Желі қолданушыларының бір бөлігі оның дене сымбатына ғашық болып жатса, енді бірі оны ашық образы үшін аяусыз сынап тастаған. Сонымен қатар жұртшылық әртістің төсін үлкейтіп алғанын жарыса жазуда.

"Кеудесін өсіріп алған ба? Бұрын кішкентай еді ғой", "Мінсіз мүсін", "Недеген фигура. Көз алу мүмкін емес", "Үлкейтіп қарамаңдар, ұят болады", "Жалюзи киіп алған ба", "Халықты сыйламайды екенсің. Мына образың ұят. Қазақ қызына жат", "Тор ма? Не киіп алған? Сөзім жоқ", "Мына суретті жақындатып көрмеген адам жоқ шығар иә", "Фигурасы зор", "Кәмшат көкірегіңді үлкейткенсің ба? Кішірек еді ғой", "Не қалды енді көрсетпеген. Енді жақында жалаңаш суреттер шықса таңғалмаймын", - деп жазуда көпшілік.