Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Мал сияқты жаппай салды...": Алтынай Жорабаева вакцинация туралы пікір білдірді

Әншінің балаңызға вакцина салдырасыз ба деген сауалына желі қолданушылары жапа-тармағай түрліше пікір білдіріп жатыр. 

"Мал сияқты жаппай салды...": Алтынай Жорабаева вакцинация туралы пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Алтынай Жорабаева вакцинация туралы пікірін Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Енді ФАКцинация балаларға салдырасыздар ма? Жәймендеп фейк, мейк деп құлақты, көзді үйретіп бастайды. Содан , ойбаааай мынанша бала ауырды, пәленше бала өлді ( жағың қарысқырлар) деп шығады. Ең соңында қорқытады да, малдар ұқсатып сала бастайды. Балаларыңызды улауға дайынсыздар ма? Міне ұлтты осылай түп- тамырымен жоқ қылуға болады, АЛЛА САҚТАЙ ГӨР! Басында да ойбай не дейсің? Мәжбүрленбейді, ерікті түрде деді. Содан соң пәленше адам ауырды, пәленше адам өлді деп статистикаға жұмыс жасады. Ұқит-шұқит, салдырмасаңдар ешқандай сауда орталығы, ресторандарға кірмейсіңдер деп, соңында тіпті жұмыстан шығасыңдар деп мал сияқты жаппай салды. Күйіііііііп кетемін ғой осындайда. Сол еш пайдасы жоқ вакцинаны пәленбай ақшаға алғанша, оданда қырылып жатқан малдарға жем-шөп алсын! Ауру балдарға емге берсін! Бәрін халықтың өзі көтеріп, көмектесуде! - деп жазды ол.

Әншінің балаңызға вакцина салдырасыз ба деген сауалына желі қолданушылары жапа-тармағай түрліше пікір білдіріп жатыр. 

Өте өкінішті халқымыз бас көтермейді, қой сияқты момын, айтқандарын істеп жүр", "Салдырмаймыз мектепке бармаса қойсын", "Мен ауырсам МƏМС төленбеген деп қабылдамайд. Бірақ адам өлтіретін вакцина тегін. Ауырып жатқанда тегін дəрі бермек түгілі сатып алатын дəрі таппай қалып едік. Бұлар кімге жаны ашып жүр. Енді кемі ұрпағым ба. Түбі жерім елім суым демейтін мəңгүрт бір ұлтты дайындау ма мулдем жою ма", "Қазақсатаннан қуып шықсада салдырмаймын. Оңбағандар үлкендерді мәжбүрледі, енді балдарда несі бар ей, күйіп отырмын менде", "Өз басым қарсымын вакцина салуға өзімде салдырмадым жумыстан шықтым балаларымада салдырмаймын,қандай толк салдығанда екпе ауруға қарсы куресе алмайды ,олардың мақсаты халықты жою", "Мен ұлдарыма мүлде прививка салдырмаймын. Аллаға шүкір денсаулықтары жақсы. Бір рет салдырып мед.персонал аяғын қисайтып қойған сомен массаж жасап орнына келді. Содан бері отказ жазғанмын, - деп жазып жатыр олар.