Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бөксесін көрсетіп фотоға түскен Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды (ФОТО)

Өнер иесінің бұл суреті қалың көпшілік көңілінен шыға қойған жоқ.

Бөксесін көрсетіп фотоға түскен Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Мадина Сәдуақасова елдің қызу талқысына түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Суретте эстрада жұлдызының арқасымен көлге қарап, тамсанып тұрғанын көруге болады. Әнші бұл фотосымен Көлсаймен қоштасқан.

"Кездескенше, сұлу Көлсай. Келем тағы да өзіңе", - деп жазған ол.

Алайда, өнер иесінің бұл суреті қалың көпшілік көңілінен шыға қойған жоқ. Желідегілер Сәдуақасоваға қатысты екі түрлі пікір білдірген. Бірі оған тәнті болса, енді бірі оны тұрысы үшін сөгіп тастады. Оқырмандар әншінің арқасымен тұрып, халыққа бөксесін көрсеткендей болып қалғанын жазуда.

"Табиғатты емес, басқа жерін көрсетіп тұрған сияқты", "Мадина әпке, сізді жақсы көремін, сыйлаймын бірақ қаншама адам көреді сізге еліктеп өсіп келе жатқан сіңілдеріңіз бар. Арт қарап бұлай түскеңіз ұят қой. Оны инстаға жүктеген", "Ойбай, осылай қоштасу шыққан ба? Недеген сұмдық", "Не тұрыс мынау", "Камераға бөксесін көрсетіп тұрғаны қалай болды", "Ұят жағдай", "Бәрі бір жерін көрсетуге құмар", - деп жазуда көпшілік.