Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Маған бірнәрсе болып қалса, балаларға қара» - Маржан Арапбаева күйеуінің қатты ауырғанын айтты (ВИДЕО)

Дегенмен сол уақытта ауруханаға көптеген науқас түсіп жатқанын көріп, қорыққанын жасырмайды ол.

«Маған бірнәрсе болып қалса, балаларға қара» - Маржан Арапбаева күйеуінің қатты ауырғанын айтты (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаеваның күйеуі де өткен жылы коронавирус жұқтырып, өкпесі қабынып, қатты ауырған. Бұл туралы әнші Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Былтыр күйеуімнің туған күнінде екеуміз бірге коронавируспен ауырып жаттық. Мен жеңіл формада, ал жұбайым қаттырақ ауырды. «Ой, қиын болып жатыр. Маған бірнәрсе болып кетсе, балаларға қара» деген әңгімелер айта бастады. Мен «адамды қорқытпашы» дедім. Ал оған өте қиын болды. Өкпесінің 28, әлде 30%-ына зақым келген. Кәдімгідей ауырды. Мен қасында қолдау көрсетіп жаттым. Менде иіс сезбеу, әлсіреу секілді бүкіл белгілері болды. Бірақ мен оптимистпін, өзіме қиын ауру ретінде қабылдамадым, - деді Маржан Арапбаева. 

Дегенмен сол уақытта ауруханаға көптеген науқас түсіп жатқанын көріп, қорыққанын жасырмайды ол.

Сол уақытта палаталарға адамдар келіп жатты. Әсіресе, үлкен кісілер. Барлығы ИВЛ-аппаратпен жатқандар. Өз күшімен демала алмағандар. Сол кезеңде көптеген белгілі тұлғамыздан айырылып жаттық. Одан бөлек танымайтын басқа адамдар, жастар да өмірден өтіп жатты. Сол кезде кәдімгідей ойланып, қорқа бастадық, - деп айтты әнші.