Міне, жеті жылдан астам уақыт бойы Бритни әкесінің қамқорлығынан бас тартуға тырысып келеді.
Танымал америкалық әнші Бритни Спирс сотта туыстары оның өмірін бақылау үшін түрлі әрекеттерге барғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі заманғы ең атақты әншілердің бірі ретінде танылған Бритни Спирс 2008 жылдан бері әкесі Джеймс Спирстің қамқорлығында. Алкоголь мен есірткіні қолданған әншінің психикасы 2007 жылы ажырасқаннан кейін тіпті ушыға түсті. Ол қатты жүйке ауруынан зардап шеккен.
Бастапқыда әншіні бұл жағдай қанағаттандырған. Алайда уақыт өте келе, отбасының бақылауы күшейе түскен. Міне, жеті жылдан астам уақыт бойы Бритни әкесінің қамқорлығынан бас тартуға тырысып келеді.
23 маусымда 39 жастағы Спирстің ісі бойынша сот ісі өтті. Онда әншіге қамқорлық туралы іс қаралды.
"Мен бақытты екенімді және бәрі жақсы екенін айтып, бүкіл әлемге өтірік сөйледім. Мен бақытты емеспін және бәрі ойдағыдай емес, мен мүлдем ұйықтай алмаймын. Сотқа көп уақыт қатыса алмадым, өйткені адамдар маған сенбейді деп ойладым", - деді әнші.
Бритни әкесі оны ауыр науқас кезінде де өнер көрсетуге мәжбүрлегенін айтты.
"Менің өмірім толығымен оның бақылауында болды", — деді Бритни.
Оның айтуынша, Джейми Спирс қызының қаржысын толық бақылауға алған, ал Бритни тапқан ақшасын өз қолына ұстамаған.
Бақылау тек қаржылық мәселелермен ғана емес, күнделікті өміріне де әсер еткен: бірде Джейми Бритниге өз үйіндегі шкафты бояуға тыйым салған. Әнші қарсы тұра бастаса, оны психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберген. Сонымен қатар, Бритниге үнемі дәрілер берген, сондықтан ол айналасында не болып жатқанын түсінбеген.
Әншінің жанында үнемі күзетшілер болған, олар концерт алдында киім ауыстырған кезде де әйелді тастап кетпейтін. Бритнидің жаңа сүйіктісі пайда болған кезде, әкесі оларды ажырату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
"Жүкті болмау үшін маған жатырішілік құрал салды. Қазір менің тұрмысқа шығып, бала туғым келеді. Мен спиральды алып, бала көтергім келді, бірақ қамқоршым рұқсат бермеді. Олар менің бала босанғанымды қаламайды", — деп жалғастырды Спирс.
Америкалық әнші соттан әкесін қамқоршы құқығынан біржола айыруды сұрады.
Ол медициналық көмекке мұқтаж екенін мойындады, бірақ қазір екі күн сайын емес, аптасына бір рет терапиядан өткісі келеді.