Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тәуекел Мүсілімнің жары күйеуінің телефонын тексере ме?..

Сондай-ақ ол аралас некеге қатысты өз ойымен бөлісті.

Тәуекел Мүсілімнің жары күйеуінің телефонын тексере ме?..
фото: ашық дереккөз

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жары Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Paryz.kz

Осы орайда Махаббат Мүсілім жұлдызды жолдасының ұялы телефонын тексермейтінін айтты.

"Олай істеуге бола ма? Қалжыңдаймын. Мен өз жолдасыма толықтай сенемін.. Сол себепті оның телефонын ақтармаймын. Ол да менікін тексермейді", - деп жауап берді ол. 

Сондай-ақ ол аралас некеге қатысты өз ойымен бөлісті.

Махаббаттың пікірінше, ұлт мәселесі аса маңызды емес. Алайда, ол некеге кедергі болатын кейбір жайттар бар екенін жоққа шығармады.

"Қандай ұлт өкіліне тұрмысқа шығатының маңызды емес деп ойлаймын. Бастысы қызығушылықтарың мен өмірге деген көзқарастарың сәйкес келсе болғаны. Алайда, бұған кедергі келтірер көптеген факторлар да бар. Ата-аналар, менталитет, тәрбие және т.б", - деп жазды Махаббат.