Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жұлдыз Әбдікәрімова Айжан Нұрмағамбетованы не үшін сағаттап күткен?.. (ВИДЕО)

"Сырттай көргеніме мәзбін..."

Жұлдыз Әбдікәрімова Айжан Нұрмағамбетованы не үшін сағаттап күткен?.. (ВИДЕО)
фото: tengrinews.kz

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бір кездері әнші Айжан Нұрмағамбетованың фанаты болған екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

"Сағаттап күтіп отыратынмын...

Бала кездегі оқиға есіме түсіп кетті. Менің кумирім Айжан Нұрмағанбетова еді. Оның стилі, образы қатты ұнайтын. Үлкендерден “Бұл үйде Айжан Нұрмағамбетова тұрады” дегенді естіп, ауласының сыртында сағаттап күтіп тұрушы едім. Сырттай көргеніме мәзбін. Жанына барып, амандасып, суретке түсу деген жоқ. Сөйтіп жүріп өзім де өнер саласына оқуға түстім. Бұл видео сол кездегі тап-таза, пәк балалық арманым үшін түсірілген еді. Ал сіздің кумиріңіз кім болды?!", - деп оқырмандары арасында сауал тастады Жұлдыз.

Сүйікті әншісімен бірге құшақтасып тұрған видеосын желіге жариялағаны сол-ақ екен, оқырмандарының басым бөлігі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың фанаттары екенін жазып жатыр.

Олар "7 жасымнан бастап тек қана Қайрат ағаны тыңдап келемін, 11 жыл болды", "Сіздерді жақсы көреміз" деген пікірлерін қалдырған.