Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Үкіметте де, Ақорда да ЛГБТ өкілдері бар, өкінішке орай" - Арман Шораев (ВИДЕО)

Сондай-ақ журналист ЛГБТ өкілдерінің бірлесіп, бір біріне қолдау көрсетіп, ым-жымын шығармай әрекет ететінін мәлімдеді.

"Үкіметте де, Ақорда да ЛГБТ өкілдері бар, өкінішке орай" - Арман Шораев (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Қоғам қайраткері Арман Шораев Үкімет басында ЛГБТ өкілдері барын ашық айтты, деп жазады Paryz.kz.

Ол Qasqa Jol Youtube-арнасына берген сұхбатында билік басындағы ЛГБТ өкілдерінің тіпті тегіне дейін білетінін жасырмады.

"Үкіметте де, Ақорда да ЛГБТ өкілдері бар, өкінішке орай. Парламентте де бар шығар деп ойлаймын қимылдарына қарағанда. Үкіметте барына сенімдімін, олардың фамилияларына дейін білемін. Ақордада болатын бұрын, қазір білмеймін", - деп жауап берді.

Сондай-ақ журналист ЛГБТ өкілдерінің бірлесіп, бір біріне қолдау көрсетіп, ым-жымын шығармай әрекет ететінін мәлімдеді.

"Олар бір бірін біледі, таниды қолдайды,. Олар аз болса да қолдарынан келетін нәрселері бар, білдірмей қимыл жасайды ғой", - деді Арман Шораев.

Және ол Алматы әкімінің ЛГБТ өкілдеріне митингке шығуға рұқсат бергенін құптамайды. Ол ата-бабаның салып кеткен сара жолына сызат түсіруге келіспейтінін де қоса кетті.

"Біз жол бермеуіміз керек. Біріншіден, мұсылмандық дін бар, қазақы дәстүрлеріміз бар, ата-бабамыз аман еткен Жеті жарғымыз бар. Елімізді жаңғыртуға, жастарымызға насихаттауға қимыл жасауымыз керек, керісінше емес", - деп мұғды жауап берді журналист.