Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Етті бауыздап алдыңыздар ма?": Әбдірайымовтың ұлы діни ағымға кіріп кеткен (ВИДЕО)

"Сенің маған намаз оқы деп айтуға құқың жоқ. Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім - саған бұйрық" деп едім, кейін тынышталып кетті", - дейді ол.

"Етті бауыздап алдыңыздар ма?": Әбдірайымовтың ұлы діни ағымға кіріп кеткен (ВИДЕО)

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов Qasqa Jol Youtube-арнасында өз ұлын теріс діни ағымнан қалай құтқарып қалғаны туралы айтып берді. Актердің баласы мектеп қабырғасында намазға жығылып, үйінде көп нәрселерге тыйым сала бастаған, деп жазды paryz.kz.

"Менің балам 9-сыныптарда намаз оқып кетті де үйде көп нәрселерге тыйым сала бастады. Сосын мен оған ұрыстым. "Сен неге шешеңе қарап орамал тарт, намаз оқы, ананы үйт, мынаны бүйт" деп сөйлейсің?" дедім. "Сіздердікі дұрыс емес" деп маған да айта бастады. Бір күні кешке шығып бара жатқанда "ұстаз шақырып жатыр" деді. Барғысы келіп жылайын деп тұр. "Ұстазыңа сәлем айтып бар. Ертең әкем жібермей қойды деп айт. Егер тыңдама десе ұстазыңмен жеке сөйлесем. Сенің маған намаз оқы деп айтуға құқың жоқ. Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім - саған бұйрық" деп едім, кейін тынышталып кетті", - деді Уәлибек Әбдірайымов.

Әртістің айтуынша, баласы өз қателігін кейін түсінген.

"Кейін "ойпырмай, солай айтыппын ғой" деп өзі түсінді. Сосын ол ағымның дұрыс емес екені ұстаздарына дәлелденді. Ағымның нақты қалай аталатынын білмеймін. Мысалы, олар тамақты көргенде "етті бауыздап алдыңыздар ма?" дегенге дейін кетіп қалды", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Уәлибек Әбдірайымов фонограмма мәселесіне қатысты өз ойын білдіріп, жанды дауыста айтпайтын отандық әншілерді соттау керектігін айтқан еді.