Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Көше кезбелері секілді": ажырасқан Айдарқұловтың кейінгі суреті қызу талқылануда

Оқырмандар оны әлі де күйзелісте жүр деп есептейді...

"Көше кезбелері секілді": ажырасқан Айдарқұловтың кейінгі суреті қызу талқылануда
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов Instagram желісінде өз оқырмандарының сынына ұшырады. Оған өнер иесінің жариялаған суреттері себеп болған. Көпшілік ажырасып кеткен соң, әзілкештің өзіне қарамай кеткенін айтқан, деп жазды, paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Дәурен Айдарқұловтың жаңа фотоларындағы образы елге жақпай қалған. Олар бірден актерді қызу талқылап, оған жағымсыз пікірлер жаудырған. Көпшіліктің ойынша, әзілкеш екінші мәрте ажырасып кеткен соң, өзінің келбетіне қарауды мүлдем қойған. Оқырмандар оны әлі де күйзелісте жүр деп есептейді.

"Ажырасқан соң әбіржіп кеткен", "Көше кезбелері секілді", "Дәурен, сізге не болған?", "Сымбатты Дәурен қайда кеткен? Түріңізге не болып кеткен?", "Мына жерде Дәурен емес, Даурон болып қалыпсың", "Түріңіз әбіржіп кетіпті. Сізге қарайласатын келіншек керек. Үйленіңіз тезірек", "Түріңізге не болған?", "Түрін-ай, азып кетіпсіз" деп жазуда көпшілік.

Алайда, пікір білдірушілер арасында өнер иесін жақтап шыққандар да бар. Оларға Айдарқұловтың образы қатты ұнаған.

"Керемет, нағыз ер азаматтың стилі", "Жарасып тұр", "Дәурен, елдің сөзін тыңдамаңыз. Образ мықты. Бастысы, жүректегі иманды жоғалтпаңыз", "Нағыз ер-азамат осылай көріну керек", "Түрікке ұқсап қалыпсыз", "Маған бұл кейпіңіз ұнады", "Ерекше образ екен, көңілімнен шықты" деп жазды олар.