Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақтың қызы Оңтүстік Кореядағы модельдер байқауында патшайым тәжін иеленді

Қазылар алқасы қазақ әйелінің сұлулығын ғана емес, оның вокалдық қабілеттері мен корей тілін жетік білетіндігін де бағалады...

Қазақтың қызы Оңтүстік Кореядағы модельдер байқауында патшайым тәжін иеленді
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әйел Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында ең әдемі және ақылды деп танылды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

30 жастағы Дана Қабылтаева патшайым тәжі мен 5 мың доллардан астам сыйлық алды. Дана мінбеге сенімді түрде шықты. 10 ай бұрын ғана ол ауруханада болған. Ол кезде оның тұңғышы Элин өмірге келген еді.

Ол Кореяға 4 жыл бұрын студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша барған. Ол ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді екен. Күйеуімен де сол жерде танысқан. Ал модельдер байқауы туралы достарынан естіп-білген көрінеді.

Бұған дейін Дана ешқашан сахнаға шықпаған. Бірақ жергілікті тұрғындар оның жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екенін айтыпты.

"Олар "сенің ұлтың кім?" деп сұрайды. Мен "Қазақстан" десем, таңғалады. Яғни, бізде еуропалық және азиялық ерекшеліктер бар. Сондықтан олар үшін өте жағымды болып көрінеді", - дейді модельдер байқауының жеңімпазы.

Биыл коронавирустың салдарынан басқа елдерден қатысушылар байқауға бара алмады. Сондықтан мінберге тек Кореяда тұратын шетелдік әйелдер көтерілді. Қазылар алқасы қазақ әйелінің сұлулығын ғана емес, оның вокалдық қабілеттері мен корей тілін жетік білетіндігін де бағалады.

"Дана патшайым сән көрсетілімдеріне қатысқаны үшін ерекше жеңілдіктерге ие болады. Ол Кореядағы ток-шоулар мен түрлі бағдарламаларға шақырылады. Драмаларға рөл алуға, жарнамалық модельге айналуға мүмкіндік бар", -деді байқаудың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бэ.

Дана Қабылтаева енді теледидар түсірілімдері мен көрсетілімдерін күтуде. Ол енді модельдеу байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырту алып отыр.