Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сәкен Майғазиев өзін "ақша жеді" деп айыптағандарды сотқа бермек

"Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып, түнімен ұйықтай алмай шығамын", - дейді ол.

Сәкен Майғазиев өзін "ақша жеді" деп айыптағандарды сотқа бермек
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында "Наурызға бөлінген ақшаны жымқырды" деп өзін айыптағандарды сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ" деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып, түнімен ұйықтай алмай шығамын. Ал жария түрде жер-жаhанға жар салып, маған жала жауып, "жемқор", "тонады" деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін", - дейді Сәкен Майғазиев.