Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Бұл – ақымақтық!": Imanbek өз құрметіне көше, мектеп атауын өзгертуге қарсы (ВИДЕО)

"Бұл көшеге менің атымды беретіндей керемет жетістік емес. Менің ойымша, бұл - ақшаны ысырап ету. Мектеп атайтындай мен кіммін, мысалы?" - дейді ол.

"Бұл – ақымақтық!": Imanbek өз құрметіне көше, мектеп атауын өзгертуге қарсы (ВИДЕО)

"Грэмми" сыйлығының иегері, ди-джей Иманбек Зейкенов Instagram-дағы тікелей эфирде желі қолданушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, өз атына көше немесе мектеп атын өзгерту туралы идеяға қарсылық білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

"Менің құрметіме көше немесе мектеп атау туралы айтатын болсам, олар қанша қаласа да мен бұған мүмкіндігінше қарсы боламын. Бұл көшеге менің атымды беретіндей керемет жетістік емес. Менің ойымша, бұл - ақшаны ысырап ету. Мектеп атайтындай мен кіммін, мысалы? Ғалым емеспін. Бұл - сандырақ", - деді ол.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты айтылған сынға да жауап берді. Көше, мектеп атын өзгерту туралы ұсынысқа қарсы адамдардан жеке басты қорламауды сұрады.

"Иә, бұл – ақымақтық! Бірақ менің бастамам емес. Кейбіреуі "Ол мүлде дарынсыз ғой" деп мені қорлайды. Бұл - дөрекі әрі миға қонымсыз", - деді Imanbek.

Айта кетсек, ди-джейдің құрметіне көше немесе мектеп атауын өзгертуді экономист Арман Байғанов ұсынған болатын.

"Көптеген атақты спортшымыздың, еліміздің мәдениет қайраткерлерінің үлгісімен оның құрметіне көше немесе өзі оқыған мектеп атауын беруді ұсынамын. Оның жетістігі өскелең ұрпаққа еңбек пен табандылықтың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын және қазіргі уақытта әлемде адам капиталы ең жоғары бағаланатынын көрсетіп, үлгі болады", - деген еді ол өзінің Instagram-парақшасында.