"Егер әйелдің шашы қысқа болса, ойланып көрермін, бәлкім", - дейді ол.
Лондонда – Гайд-парк, бізде – Айт-Park! Ашық әңгіме, ащы шындық Айт-Park-те айтылады, деп жазды nege.kz.
Сайттың бұл жаңа жобасының алғашқы қонағы танымал актер Ерболат Тоғызақов болыпты. Атақты "Шал" Youtube-арнаға берген сұхбатында қоғамдағы шындықты және жеке өміріндегі кейбір құпияларды айтқан.
"Шынымды айтсам, үйден әйел адамның ұзын шашын тауып алсам, қатты ашуланамын. Бұл менің жүйкеме тиеді. Үйленбей өткенімнің басты себептерінің бірі – осы. Егер әйелдің шашы қысқа болса, ойланып көрермін, бәлкім", – дейді актер.