Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Дариға Назарбаева «Астана Опера» кеңесінің құрамынан шығарылады

Мәдениет және ақпарат министрінің «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертуге қатысты бұйрық жобасы шықты.

Дариға Назарбаева «Астана Опера» кеңесінің құрамынан шығарылады
Фото: Kazinform

«m» кеңесінің құрамынан шығарылады АСТАНА. KAZINFORM — Мәдениет және ақпарат министрінің «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертуге қатысты бұйрық жобасы шықты. Бөлісу: Фото: Виктор Федюнин/Kazinf

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. — «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қамқоршылық кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 362 қаулысымен өзгертілді. Қазір Қамқоршылық кеңестің жекелеген мүшелері қаулыда көрсетілген лауазымды атқармайды. Кадрлық өзгерістерге байланысты Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады, — делінген түсіндірме жазбада. 

Осылайша театрдың Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің құрамын өзектендіру мақсаты қойылып отыр. 

— Енгізілетін өзгеріс қамқоршылық кеңес құрамын өзекті кадрлық құрылымға сәйкес келтіру қажеттілігімен негізделген, — деп түсіндірілген құжат жобасында.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамынан кімдер шығарылды?

  — Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы — бұрынғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; — Құлыбаев Тимур Асқарұлы — бұрынғы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы;  — Сатқалиев Алмасадам Майданұлы — Энергетика министрі;  — Машкевич Александр Антонович — ERG Sarl менеджерлер кеңесінің төрағасы:  — Шодиев Патох Каюмович — ERG Sarl менеджерлер кеңесінің төрағасы;  — Рақышев Кеңес Хамитұлы — «Fincraft Resources» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;  — Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы — «Astana Group» холдингінің президенті; — Васкес Лучано — ENI S.p.A. Орталық Азия филиалының басшысы. https://kaz.inform.kz/news/dariga-nazarbaeva-astana-opera-kenesnn-kuraminan-shigariladi-3dbd46/