Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қарым-қатынасымыз баяу дамыды" - кәсіпкер қазаққа қосылған украин тележүргізушісі

"Алмаз маған "Сені бір көргеннен менің жарым болатыныңды түсіндім" деп айтқанды жақсы көреді", - дейді ол.

"Қарым-қатынасымыз баяу дамыды" - кәсіпкер қазаққа қосылған украин тележүргізушісі
фото: дереккөз

Қазақстандықтар украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукты Алмаз есімді қазақ бизнесменіне тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан кейін біле бастады. Олардың Мальдив аралдарындағы үйлену тойының әдемі суреттері әлеуметтік желілерде лезде тарады. Tengrinews.kz журналисі қызбен сұхбаттасты, деп хабарлады paryz.kz.

Иванна Онуфрийчук Алмазбен қалай танысқанын, екеуінің махаббат дастанын баяндап берді.

"Алмазбен 2,5 жыл бұрын таныстым. Мұны бір қарағаннан ғашық болу деп айтпас едім, өйткені қарым-қатынасымыз бастапқыда баяу дамыды. Бірақ Алмаз маған "Сені бір көргеннен менің жарым болатыныңды түсіндім" деп айтқанды жақсы көреді. Бұған дейін де алғаш кездесуіміз қалай болғанын бірнеше рет баяндағанмын, бірақ бұл оқиғаны жақсы көремін. Оны романтикалық фильмде көрсетуге келмес, бірақ қазір бізді көктегілер қосқанын түсінемін...

Келесіде спортзалда кездестік, Алмаз көрші жолақта жаттығып тұрып, менімен танысты. Мен туралы сұрады, өзін Қазақстаннан екенін, биржада сауда-саттықпен айналысатынын айтты. Содан кейін топпен бірге Nordic walking тауларына баруға шақырды. Содан кейін ол менің телефон нөмірімді алып, Киевке барған кезде кездескісі келетінін айтты. Біз көп хат алмастық, сөйтсем маған "құпия жанкүйерлерден" келіп жүрген гүлшоқтары содан екен. Бірақ Алмаз ұзақ уақыт әрекет етпеді. Бір жылдай дос болып жүрдік", - деді украиналық қыз.

Иванна Онуфрийчук жұбайының шынымен қазақ екенін және Қазақстанға қашан баратынын айтты.

Тағы оқи отырыңыз: Украиналық тележүргізушіні алған бай қазақтың тойы Мальдив аралдарында өтті (ВИДЕО)

"Әрине, күйеуім - қазақ. Алмаз Швейцарияда бизнесін дамытып, сонда көшіп барды. Ол - өте талантты адам. Кәсіпкер ретінде де өз жұмысына белсенді қатысып, процестерді бақылап, дағдарыстарды басқаруы керек. Әрине, Алмаз Қазақстанға барып тұрады. Бірақ, коронавирус инфекциясы салдарынан бәрі күрделеніп кетті. Сондықтан нақты бір нәрсені жоспарлау өте қиын. Келесі жолы Алмаз менімен бірге Қазақстанға барады деп ойлаймын", - деді ол.