Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Журналист шетелдегі үйімен мақтанған әншілерді құл-құтанға теңеді

"Жалғыз ел алдындағы әншілер ғана емес, жоғарыдағы ашкөз жемқорлардың да материалдық құндылықтардан әріге ойлана алмайтын түсініктеріне қарап, әлгі кинодағы ақсүйек құл иеленушінің сөздері есіме түсе береді. Құдай біледі!" - дейді ол.

Африка құрлығы аштықтан қиналып отырғанда, мойындарына алтындарын орап, қымбат машиналарын көрсетіп жүретін негірлердің...

Опубликовано Рустемом Ашетаевым Четверг, 11 марта 2021 г.
Журналист шетелдегі үйімен мақтанған әншілерді құл-құтанға теңеді
фото: ашық дереккөз

Журналист Рүстем Әшетаев Facebook-тегі парақшасында еліміздегі ішкен-жеген тамағы мен шетелден алған үйін жарнамалап жүрген әншілер мен Димаштың азаматтық ісін салыстырды, деп жазды paryz.kz.

Осы орайда, біз мәтіннің мәнін бұзып алмас үшін төменде оның жазбасын толық қалпында ұсынуды жөн көріп отырмыз:

"Африка құрлығы аштықтан қиналып отырғанда, мойындарына алтындарын орап, қымбат машиналарын көрсетіп жүретін негірлердің әнші, спортшы, т.т. танымал тұлғаларын түсіне алмай жүргенімде, "Джанго құтқарушы" деген кинода көрсетілген бір фрагменті қатты ой салып еді. Сол фрагментінде бір ақсүйек (құл иеленуші) өзіне адал қызмет атқарып, қартайып қайтыс болған негір құлдың бассүйегін алдырып, қонақтарына таныстырып жатып, құлдардың бас сүйегіндегі бір ерекшелігіне тоқталып, "Кез келген құлдың бассүйегінде оларды белгілі бір тәуелділікте ұстап, ойлау жүйесін материалдық дүниеден асырмай шектеп тұратын бір бөлігі болады. Бассүйектегі сол бөлігі олардың ойлау жүйесін дамытпай, қысып тұрады. Сондықтан олар ешқашан азат болуды ойламайды. Тіпті, азаттықтан қорқады. Өйткені, бассүйектегі әлгі ерекшелігі бұларды азаттықтың, еркіндіктің не екенін ұғынудан шектеп тұрады. Бұлардың ойлайтыны - тек тойып тамақ ішу мен бүтін киім кию. Ұжымдық, нәсілдік құндылықтар жайлы ойлана да алмайды. Сондықтан менің сақалымды өткір алмас бәкімен 40 жыл бойы алып келген мына бассүйектің егесінен "менің тамағымды осы алмаспен кесіп өлтіруі мүмкін-ау" деген ой маған мүлдем келген емес", - деген еді.

Дәл қазір біздің елдің де жағдайы мәз болмай, жоқ-жұтаңдардың көмек сұрауы көбейген шақта, біздегі әнші-бишілердің өздерінің шетелден алған үйлерін, жеген тамағын т.т жарнамалап, сондай мақтангерлік істерін "Маңдай терім, адал табысым", т.т. жұтаң сөздермен бүркемелеп түсіндіруге тырысқан әрекеттеріне қарап, жоғарыдағы айтқан негір әншілердің іс-әрекетіне ұқсатамын.

Жалғыз ел алдындағы әншілер ғана емес, жоғарыдағы ашкөз жемқорлардың да материалдық құндылықтардан әріге ойлана алмайтын түсініктеріне қарап, әлгі кинодағы ақсүйек құл иеленушінің сөздері есіме түсе береді. Құдай біледі!

Материалдық құндылықты ғана өмірдің құндылығы деп түсінетіндердің санатындағы кез келген адамның бассүйектерін тексерсе, жоғарыдағы құлдың бассүйегіндегі ұқсатықтардың табылатынына бек сенімдімін.

Мұндай санаттағылардың бей-біреулері өздерінің түсінігін түзетуге ұмтылғандай болып, денесін тазартып, дінді алданыш қылғысы келгенімен, адами сапасы сол деңгейінен көтеріле қоюы екіталай (жапондар сапалы ұлт жасап шығу үшін 200 жылдан бері жұмыс істеп жатыр екен). Адамның материалдық құндылықтан қаншалықты жоғары тұра білуіне қарап, оның адами сапасына да баға беруге болатын шығар.

Бұған дейін филиппиндік кәсіпқой боксшы Менни Пакьяо, сенегалдық футбол ойыншысы Садио Мане сияқты тұлғалардың өз еліне жасап жатқан істеріне қарап тамсанып, адами қасиеттерін үлгі тұтушы едім.

Кезінде біздің әнші-шоумен, жемқор "шөпкетышарлар" Түркия мен Еуропадан үй алып, соларын жарнамалап жатқанда, "Солтүстіктен бір-бір үй алып, қазақтардың сол жаққа көшуіне ықпал жасаңдар, құдайдың берген бағын қазақ ұлтына пайдаланыңдар, бір рет болса да" деп үндеу жариялаған болатынмын. "Мәу" деген біреуі болмады-ау, жарықтық.

Біреулер ауылдық, аудандық, өлкелік, рулық деңгейден шыға алмай отырғанда, Димаш бауырымыз әлемдік деңгейдегі тұлға екендігін тағы да бір дәлелдеді. Қайда жүрсең де аман бол, қазақтың бағына туған ұл!".

Еске сала кетсек, кеше танымал әнші Димаш Құдайберген еліміздің денсаулық саласына 500 мың доллар аударған болатын.